ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
Эссе — еркін композициясы бар шығарма. Эссе көбіне еркін тақырыпта жазылады және автор қандай көзқарасты, пікірді қолдап жазса да, өз еркі. Берілген тақырып бойынша адамның жеке пікірін, тұжырымдары мен әсерін білдіреді. Эссенің мақсаты, әдетте, шығармашылық ойлауды дамыту және ойыңызды жазу шеберлігін шыңдау. Ол ойды тұжырымдау, ақпаратты құрылымдау, анықтауға көмектеседі. Тәжірибені суреттеуге және жетілдіруге ықпал етеді.
Эсседе кең тақырыпты қарастыра алмайды. Ол тек бір ойды көрсете алады, бір сұраққа жауап береді.
11-сынып. Қорытынды аттестаттау
Ұсынылған үш тақырыптан білім алушылар бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
9-сынып. Қорытынды аттестаттау
1. Қазақ/орыс тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе) жұмысының сипаттамасында көрсетілгеніндей, өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда көрсетілгендей, 400-450 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды (бұрын
спецификация бойынша сөздер саны 250-300 құраған, осы көрсетілген сөздер санын 100-150 дейін қысқарту қажет).
2. Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің оқушылары үшін өтілген бағдарламалық тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзіндісі дайындалады. Олардың жалпы көлемі, спецификацияда
көрсетілгендей, 450-500 сөз. Білім алушылар берілген мәтін үзінділері негізінде 150-200 сөзден тұратын жазба жұмысының біреуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды (бұрын спецификация бойынша сөздер саны
250-300 құраған, осы көрсетілген сөздер санын 150-200 дейін қысқарту қажет).
ЭССЕ ЖАЗУ
Эссе жазуды бастамас бұрын, идеяны тұжырымдап, мақсатты анықтап, және жұмыс үшін ақпарат көздерін тауып алу керек. Мұқият оқып және берілген тақырыптың мазмұны туралы ойланып, қаралатын мәселелерінің басты ойын түсіну үшін оның жетекші ойын түсінуге тырысу. Мұның бәрін тезистік түрде жасаңыз, мәтінді заңды терминологиямен толтырмай, ғылыми стильде көрсетіңіз, орындылық пен ақылға қонымды жеткіліктілік принципі сақталуы керек.
Эссенің құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім (тезис, аргумент), қорытынды бөлім
Кіріспе бөлімі
Эссенің кіріспе бөлімінде мәселені тұжырымдау мазмұнына назар аудару керек, тақырыптың мақсаттарын, міндеттері мен өзектілігін негіздеу керек.
Эссе жазудың барынша кеңінен тараған танымал нұсқаларының бірі – бірінші сұрақтан бастап, оған жауап жазу. Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.
Негізгі бөлім
Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады. Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Өзіңіз оқымаған жұмыстарға сілтеме жасамаңыз. Қайталанудан аулақ болу керек. Қысқа, анық жазу керек.
Құрылымдық бөліктері
Баяндаудың қисындылығы
Автордың тұжырымдарының негізділігі
Автордың тұжырымдарының өзіндік ерекшелігі
Қорытынды
Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы.
Автордың тұжырымдарын негіздеу