"Ақмола  облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пригородное ауылының Абай атыңдағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КГУ"Общеобразовательная школа имени Абая села Пригородное отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңестің ережелері

Қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңес осы білім беру ұйымында білім алушылардың құрылтайшысы мен ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамына: Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы; өзге де білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер; қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері; демеушілер кіруі мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамы үш жыл мерзімге сайланады. Қажеттілігіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қамқоршылық кеңестің басшысы қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы болып табылады. Төраға қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіктерсіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдардың және өзге де тараптардың алдында білдіреді. Төраға қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және қамқоршылық кеңестің іс жүргізуіне жауап береді.

Қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілігіне қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімі бойынша немесе қамқоршылық кеңес мүшелерінің төрттен бірінің талап етуі бойынша өткізіледі. Қамқоршылық кеңес, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: білім беру ұйымына оның жарғылық функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдесу; білім беретін оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау; білім беру ұйымының қаржылық қолдауын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беру ұйымының одан әрі дамуына жәрдемдесу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 10.09.2021 11:06
Құрылған күні: 18.09.2021 18:46

Текст