29.04.2026
2026 жылғы 29 сәуірде «Jana urpaq STEP» Жастар ресурстық орталығында аудан мектеп оқушылары арасында «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Адалдық — заң мен тәртіптің негізі» тақырыбында слёт-турнир өтті.
Слёттің ашылу кезеңіне 3 команда қатысты: Державин қаласындағы №1 Н.Крупская атындағы гимназия, Уәлиханов ауылының орта мектебі және Абай атындағы мектеп пен Гастелло мектебінің құрама командасы. Алдымен барлық командалар өз атаулары мен ұрандарын таныстырды. Кейін түрлі жағдаяттарды талқылап, қатысушылар өздерінің білімдерін, белсенділігін көрсетті. Ашылу кезеңінің қорытындысы бойынша команда 3-орын алып, дипломдармен және 40 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.
Слёт жетекшісі Муканбетжанова Роза Сериковна алғыс хатпен марапатталды.
Одан кейін дебат кезеңі өтті. Айгерим мен Виолетта Державин қаласындағы №1 Н.Крупская атындағы гимназия командасына қарсы ойнап, нәтижесінде 2-орын иеленіп, 40000 теңге көлеміндегі сертификатпен және дипломдармен марапатталды.
Дебаттар жоғары деңгейде өтті. Облыстық ресурстық орталық өкілдері біздің оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алатынын, пікірталас жүргізе білетінін атап өтіп, олардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді.