"Ақмола  облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пригородное ауылының Абай атыңдағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КГУ"Общеобразовательная школа имени Абая села Пригородное отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

”ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ» тақырыбындағы семинар

16.10.2024

2024 жылғы 15 қазанда «Жасанды интеллектіні енгізу: мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинар Жарқайың аудандық білім бөлімінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Семинар YouTube және ZOOM платформалары арқылы жүргізілді. Жарқайың ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрпейісова Гүлшат Кабиболлақызы семинар қатысушыларына сәттілік тілеп, білім беру саласындағы жасанды интеллектінің маңыздылығын атап өтті. Семинарға Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының аға оқытушысы Муқушева Қаракөз Сериковна, Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандарының мектеп директорының орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты. Семинар теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің физика және информатика пәнінің мұғалімі Хаким Ермек Алтайұлы «Жасанды интеллектке жалпы шолу және тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында теориялық бөліммен таныстырды, ал Жарқайың ауданының мұғалімдері Жунусова К.К., Алмұханбетова А.Т. және Каирова Д.М. жасанды интеллектінің практикалық мүмкіндіктерін көрсетті.

Просмотров: 100


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст