Текст
21.11.2025
20–21 қараша күндері Сандықтау ауылындағы "Жас Дәурен" лагері базасында мектеп парламенті көшбасшыларының қатысуымен "Мен – елімнің ертеңімін" тақырыбындағы облыстық форум өтті. Аталған форумға мектеп парламентінің әр фракциясының жұмысын қамтыған портфолионы қорғаған 10-сынып оқушысы Муканбетжанова Айгерим қатысты. Форумға белсенді қатысқаны үшін Айгерим Ақмола облысы Білім беру басқармасының басшысы А.К.Балташева тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.
Форумға баруына материалдық қолдау көрсеткені үшін "Отто" шаруашы - лығының басшысы Люц Яков Артуровичке алғыс білдіреміз.