Текст
13.12.2025
2025 жылғы 12 желтоқсанда Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог - психологтар және әлеуметтік педагогтар үшін педагогикалық апгрейд өтті. Кездесу барысында білім алушыларды сүйемелдеу бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Қатысушылар өздерінің кәсіби қиындықтары мен ресурстарын талдап тиімді тәжірибелерді талқылады және командалық өзара іс қимылдың маңыздылығын атап өтті. Іс шара мектептің әлеуметтік - психологиялық және тәрбиелік қызметіндегі жұмыс тәсілдерін келісуге және тәжірибе алмасуға арналған қолайлы алаң болды.