"Жұлдыз" күндізгі балалар жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы туралы есеп»
КММ «Абай атындағы орта мектебі»
Жыл сайын біздің мектепте "Жұлдыз" жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Екінші ауысым "Түймедақ". Біздің мектеп базасында жазғы сауықтыру лагерінің негізгі міндеті, ең алдымен, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, моральдік-еріктік қасиеттерді және ұжымшылдық сезімдерін тәрбиелеу, өмірге оң көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Лагерьде 7-10 жас аралығындағы "Абай атындағы орта мектебі" КММ 13 оқушысы демалды. Ауысым ұзақтығы 10 күн.
Күндізгі лагердің мақсаты мен міндеттері қойылып, сәтті жүзеге асырылды.
Лагерьде балалар өздерін жайлы сезіну және қызықты болу үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бірінші күні "Көңілді старттар" атты спорттық іс-шара ұйымдастырылып, балалар белсене ат салысты.. Барлық өткізілетін іс-шаралар көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылықтарын дамыту, балалардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін қажет болды.