"Ақмола  облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Пригородное ауылының Абай атыңдағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КГУ"Общеобразовательная школа имени Абая села Пригородное отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл мерекесіне арналған салтанаты жиын

19.09.2019

Абай атындағы ОМ Тілдер онкүндігі туралы өткізілген

Ақпарат

 

     22 қыркүйек Қазақстанның барлық халқы үшін ортақ мереке күні болып саналады. Осы күнді атап өту аясында «Абай атындағы ОМ» КММ Қазақстан халықтарының Тілдер Күніне арналған іс-шаралар қызықты және тартымды өтті. Осы күнге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Қазақстан халықтарының Тілдер Апталығының ашылуы салтанатты түрде басталды. Тілдер туралы өлеңдер айтылды, оқушылар «Тілдер апталығы» бағдарламасымен таныстырылды. Линейка ҚР Әнұранын салтанатты орындаудан басталды. Содан кейін тарих пәнінің мұғалімі С.С.Ахметов мерекенің тарихы, көпұлтты Қазақстандағы тілдердің маңызы туралы айтты.

     Қазақстан халықтарының Тілдер Күнін мерекелеуге орай, мектеп кітапханасында мемлекеттік тілде «Мемлекеттік тілді біл және оны құрметте» атты сабақ өткізілді, «Тіл - татулық пен достық көпірі» атты кітап көрмесі өтті. Іс-шара кең оқырман қауымға арналған.

      Содан кейін оқушылар қазақ, орыс, ағылшын үш тілде сөйледі. Балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлең оқыды. Сынып оқушылары қазақ тілінде ән шырқады.

       6 қыркүйек күні мектеп кітапханасында ҚР халықтарының Тілдер онкүндігіне арналған «Менің елім – үлкен достық отбасым» атты көрмесі өтті. 9-16 қыркүйек аралығында сынып жетекшілері «Тіл - менің байлығым» тақырыбына сынып сағаттарын өткізді.

        17 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Хасенова 9-11 сынып оқушылары арасында Абайдың 175 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст